Үндеу. «ЖЭЖ» ЖШС Тараз қалалық электр жүйесі

Тараз қаласының тұрғындарына, МКК, КММ, ЖШС басшыларына, мектеп және балабақша мекемелеріне, пәтер иелері кооперативінің төрағаларына.
Тараз қаласының аумағы арқылы көптеген жоғары кернеулі жерасты кабельдік электр желілері өтеді.
Апаттың алдын алу үшін тұтынушыларды қалыпты электр желісімен қамтамасыз ету және электр желілерінің қауіпсіздігі үшін. Кабельдік электр желілерінің күзет аймағы – шеткі кабелдің арасы 1 м қашықтықта желінің екі жағынан тік жазықтықпен шектелген кабель желісінің жерастын бойлайтын жер тілімінде: ЖШС «ЖЭЖ» ТҚЭЖ-нің жазбаша рұқсатынсыз, жер асты қазу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты салу және реконструкциялауға, қоймалық материалды жинауға, ауланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, кемінде 5 м арақашықтыққа дейін ұрғылау және гидравликалық механизмдермен жұмыс істеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Бұл талаптарды бұзу: апаттық және қайғылы жағдайға, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету ұлкен үзіліске және кәсіпорынға шығын келтіруге әкелуі мүмкін.
Кабельдің зақымдалуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік, қылмыстық материалдық және басқа да жауапкершілікке тартылады.
Жұмыс басталар алдында мекемелер, жеке тұлғалар кабельдік желілерінің қауіпсіздік аумағында және оның жақын маңында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жшс «жэж» тқэж жазбаша рұқсаттама алуға және жұмыс орнына шақыруға міндетті.
Мекенжайы: Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі №5А, Кабель желілері қызметі тел: 901-296

«ЖЭЖ» ЖШС әкімшілігі

Comments (0)
Add Comment