Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Штрихи к портрету» деректі фильміне негізделіп жазылған кітабы жарыққа шығады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
«Алдағы күндері Елбасының «Штрихи к портрету» деректі фильміне берген сұхбаты негізінде кітап жарыққа шығады. Кітапқа жобаның телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енгізілген», – деп жазды ол Twitter парақшасында.
Кітаптың авторы Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған журналист Айгүл Әділова.
«Штрихи к портрету» – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп бөлімді деректі фильм. Фильм Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде түсірілген. Бірінші бөлім 1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні көрермен назарына ұсынылды.