Назарбаев Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы ҚР Тұңғыш президентінің ресми сайты жазды.


«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл — мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін»
, — делінген құттықтауда.

Comments (0)
Add Comment