Назарбаевқа қатысы бар базар қайтары

Алматы қалалық соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев иелік етеді дейтін ЖШС жекешелендіріп алған базардың алып-сату құжаттарын жарамсыз деп таныды. Әңгіме «Барыс-4» базары туралы болып отыр.

«Сот «Найза-БН» ЖШС-ның жарғы капиталындағы мемлекеттік үлесті алып-сату келісімін жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Прокурор жолдаған талапқа мемлекеттік үлесті заңды тұлғаның жарғы капиталына жекешелендіру кезінде өкілетті мемлекеттік органның заңсыз жеңілдігі себеп болған»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.

Сот анықтамасы кезінде искте келтірілген дәлелдер расталған. Өкілетті органның өкілі жекешелендіруді төмендетілген бағамен жүргізілгенін, мойындаған. «Барыс-4» көтерме базарын Назарбаевқа қатысы бар ЖШС өте төмен бағада сатып алғандықтан, енді ол мемлекет меншігіне қайтарылып, көп ұзамай акционға шығу керек.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment