Наразылық басталғалы бері көрінбей кеткен Ақтау қаласының әкімі табылды

Ақтау қаласының әкімдігі Нұрдәулет Қилыбайдың 12 қаңтардан бастап денсаулығына байланысты демалысқа шыққан айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Lada.kz басылымына әкімге қатысты сұрақта жиі түсе бастаған. Көбісі жаппай наразылық акциялары басталғалы бері әкімнің көрінбей кеткенін жеткізді.

Әкімдіктің баспасөз қызметі Нұрдәулет Қилыбайдың коронавирустық инфекция жұқтырғанын хабарлады. Соған байланысты 12 қаңтардан бастап денсаулығына байланысты демалысқа шыққан. Ал 3-11 қаңтар аралығында жұмыста болды.

«Әкім 26 желтоқсаннан бастап 10 қаңтарға дейін жыл сайынғы демалыста болған. Алайда 3 қаңтарда газ мәселесінен туындаған жағдайға байланысты оны жұмысқа шақыртып алды. 3-11 қаңтар аралығында әкім қызмет орнында болған. Ал 12 қаңтарда коронавирусқа ПТР-тестің оң нәтижесі келді. Осыған байланысты денсаулығы бойынша демалысқа шықты», – дейді әкімдіктен.

Comments (0)
Add Comment