Қайрат Әділгерей қоғамда намаз оқитындарға деген көзқарастың ерекше екеніне қынжылды. Актердің пайымынша, адамның намаз оқығанына қарап адамгершілік қасиетін бағалауға болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әділгерейдің сұхбатынан үзінді желіде қызу талқыға түсті. Онда актер:
«Бізде намазға қарап өлшейді адамгершілік қасиетін. Ол екі жыл бұрын бастаған шығар намазды, бәлкім. Оған дейін кім болды? Білмейміз. Көмектесіңізші, намаз оқитын еді дейді біреулер. Намазхан болса қайтейін?, – дейді.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Алғашқы топ актердің пікірімен келіссе, екіншілері дінге бет бұрған адамның өзгелерден бір саты жоғары тұратынын атап өтті.
«Алысқа апармайтын қате пікір. Дін адамгершілікке үйретпейді деп кім айтты?», «Әркім өзі үшін оқиды, оны талқылаудың қажеті жоқ. Бәлкім түзелейін деген шығар, егер сен оқымасаң, ол адам сенен артық», «Ақталуға көбірек ұқсайды», – деп жазды оқырмандар.