Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы арнайы операцияға қатысып жатқан шешен әскерилері түсірілген видеоны жариялады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбада тас жолда тұрған ондаған әскери көліктің орманды алқапта тоқтағанын, әскерлердің көңіл-күйінің көтеріңкі екенін, сондай-ақ бірнеше адамның жамағат болып намаз оқып отырған сәті көрсетілген. Видеода әскери көліктердің қайда бара жатқаны көрсетілмеген, бірақ «10 шақырымнан аз қалғаны» айтылған.
«Шешенстан Республикасының әмбебап жауынгерлері тез көшкінмен кез-келген кедергілерді тас талқан етеді” деп жазды Р.Қадыров.