Ән-жырым саған, Таразым!

Қала күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында «Сүйікті қалам – Тараз» атты мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ержан Жылқыбаев бастаған игі жақсылар тамашалады,деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі .

Шара барысында танымал эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Әбдіжаппар Әлқожа, Мирас Жүгінісов, Нұрболат Абдуллин әсем әннен шашу шашса, бишілер мың бұрала би билеп көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Мерекелік шарадан Тараз тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Comments (0)
Add Comment