Нұржас Құрмантаев жаңа қызметке тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы №291-Ж/Қ өкімімен Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бүгін жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы арнайы келіп таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Нұржас Нұржанұлы 1986 жылы 14 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Төлебай Санэпидветлаборатория» ЖШС ветеринарлық дәрігері болып бастаған. 2011 жылдан бастап ҚР АШМ АӨК МИК «Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы» ММ бас маманы. 2014 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы. 2015 -2020 жылдары аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меркі аудандық инспекциясының басшысы, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясында бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы, 2021 жылғы 9 наурызынан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Comments (0)
Add Comment