Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елшілерге бірнеше міндетті қоса атқару туралы Жарлығы шықты, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы, Бангладеш Халық Республикасы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы, Бутан Корольдігі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.