Нұрлан Олжабаев – Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары

Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен 2025 жылдың 17 сәуірінен бастап Нұрлан Олжабаев Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Нұрлан Кенжебекұлы 1985 жылы 18 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы, Жетісу ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өндірістік нысандарды санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2011-2014 жылдары Тараз қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, 2014-2015 жылдары Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2020 жылдары Алматы облысы, Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2020-2025 жылдар аралығында жеке секторларда жұмыс істеді.

Comments (0)
Add Comment