Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың денесі табылды

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыз 19 қыркүйек күні сағат11:00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған қыздың анасы полицияға арызданып келген.

«Жоғалған қызды табу үшін Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жеке құрамы, қосымша күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы және еріктілер жұмылдырылды. Соңғы рет қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Осыдан кейін іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды», – деп түсіндірді қорғау органдарының қызметкерлері.

22 қыркүйекте сағат 11:20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапты.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп қосты полиция.

Comments (0)
Add Comment