Нұр-Сұлтанда жаңажылдық отшашу болмайды

  Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қалада жаңажылдық отшашу бола ма деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, жаңа жылға арналған отшашулар атылмайды. Айта кетейік, бұған дейін Тәуелсіздік күніне арналған отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылған болатын. Оны жүзеге асыруға әкімдік тарапынан бюджеттен қаржы бөлінбеген.

15 желтоқсандағы мерекелік отшашудың қалай өткенін осы жерден көруге болады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда 2020 жылы да жаңа жыл мерекесі отшашусыз өтті.

Comments (0)
Add Comment