2022 жылдың 1 тамызында Нұр-Сұлтанда төтенше оқиға болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Телеграм арналары хабарлағандай, қала әкімдігіне қарама-қарсы ғимарат үстіне шыққан әйел секіремін деп қорқытқан. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны немесе әлдекімдерге қандай да бір талап қойған-қоймағаны әзірге белгісіз.
Оқиғаның болғанын қалалық полиция департаменті растады.
“1 тамыз күні сағат 15:02-де “102” пультіне қоңырау түсіп, Бейбітшілік көшесінің бойындағы ғимараттың шатырында бір әйел секіргелі тұр деген ақпарат айтылды. Оқиға орнына құтқару қызметі жөнелтілді. Олар әйелді шатырдан түсіріп алған. Азаматшаға психологиялық көмек көрсетілді”-деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.
Қазір тексеру жүріп жатыр.