Нұр-Сұлтанда ерекше сурет түсірмек болғандар көпір аркасына шыққан (видео)

Нұр-Сұлтанда жастар суретке түсу үшін көпір аркасына шыққан, – деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

 

Полиция мәліметінше, оқиға 19 қазанда болған. 18-19 жас аралығындағы үш адам Қабанбай батыр даңғылы бойындағы көпір аркасына шыққан.

Оқиға орнында патруль қызметкерлері жасөспірімдерді ұстап, полицияға жеткізген.

«Құқықбұзушылардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтан көрінісін суретке түсіру үшін осындай әрекетке барған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деді полиция департаменті өкілдері.

Құқық қорғау органдары астаналықтарға мұндай фотосессия қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін және ол үшін өмірді қатерге тігуге болмайтынын ескертеді.

Comments (0)
Add Comment