Нұр-Сұлтанда қарақшы адамдардың көзінше әйел мен мектеп оқушысына шабуыл жасаған (видео)

Нұр-Сұлтанда полиция астаналықтарға шабуыл жасаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта 44 жастағы әйел мен 13 жастағы қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған.

Өтіп бара жатқан адамдардың көзінше қарақшы Қошқарбаев көшесіндегі қала тұрғынына шабуыл жасап, тонамақ болған. Ол әйелдің сөмкесін күшпен тартып алуға тырысқан, алайда өтіп бара жатқан адам көмекке келген. Жақын маңда өтіп бара жатқан ер адам көмекке келгенде қарақшы қашып кеткен. Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған.

Қарақшы мұнымен қоймай, екінші қылмысын жасайды. 13 жастағы қызға шабуыл жасап, одан мектеп рюкзагын тартып әкеткен.

Куәгерлер 102-ге шабуыл туралы хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция жасақтары жіберілді.

Жедел іс-шаралар барысында 36 жастағы күдіктіні патрульдік полиция жасақтары қылмыс орнына жақын жерде ұсталған.

Comments (0)
Add Comment