Нұр-Сұлтан әкімдігі ЖОО мен колледждерде білім алу үшін 5300 грант бөлді

«Кеше ғана көз алдымызда жүрген мектеп оқушысы тағы бір шыңды бағындырмақ. Мамандық таңдау – әрбір оқушының өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Олар болашақ мамандығын таңдай отырып, ересек өмірге қадам басады. Биыл әкімдіктен қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқуға 5 мың 300-ге жуық грант бөлінді. 465 грант бойынша тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, грант иегерлерінің арасында ерекше қажеттілігі бар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ әртүрлі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары және т.б. бар. Түлектер педагогика, медицина, IT-технологиялар, құқық, инженер, спорт, әлеуметтік жұмыс, электроника және энергетика, шет тілдері және т.б. мамандықтар мен бағыттар бойынша оқуға түсті. Мемлекет көрсететін көмек кәсіптік білім алу үшін елеулі қолдау болады», – деді Алтай Көлгінов.

Мемлекет жыл сайын Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиялар бөледі, ол бойынша студенттер шетелдік білім ала алады. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім беру саласын маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Президенттің тапсырмасы бойынша 2024 жылға дейін жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға көтеріледі, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіптік білім алуға гранттар бөлінеді, жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіледі. Мысалы, осы жылдың өзінде жалпы оқу аясында 800 млн теңге бөлеміз, бұл бізге оқушылардың басым бөлігін материалдық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, өткен жылдан бастап материалдық көмек көлемін ұлғайтылған болатын. Оқу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын мектептер саламыз. Биыл 15 мектеп ашылады. Бұл бізге шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді, салыстырар болсақ 2020 жылдан екі есе, ал 2019 жылдан төрт есе көп. Инвестициялық кеңестерде 30 жекеменшік мектептің құрылысын қолдадық. Құрметті оқушылар, тек еңбек пен білімнің арқасында ғана жетістікке жете аласыздар. Мамандықтың бәрі маңызды. Дендеріңізге саулық, бақыт тілеймін! Шығар шыңдарыңыз биік болғай!» – деп жазды елорда әкімі.

 

nege.kz

Comments (0)
Add Comment