Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов елорда атауы өзгере ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ», – деді Қошанов Мәжіліс сыртында.
Қошанов алдағы уақытта да депутаттар қала атауын өзгерту туралы мәселені көтермейтінін жеткізді.
«Жоқ, көтермейді», – деді Палата спикері.