Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов жары Жадыра Сейдешпен бірге тойда бой көрсетті. Олар Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойына қонақ болып келді. 84 жасқа толған әнші ағаны көрген үлкен-кіші, той қонақтары мен желі қолданушылары ақ тілегін жазып жатыр,-деп хабаралайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Күні кеше Мейрамбек Бесбаев 45 жасқа толды. Әнші мерейтойында игі жақсылардың басын қосты. Өнер майталмандары мен өнерде жүрген үлкен-кіші әншілер қуанышқа жиналды.
Аға буыннан Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев пен Нұрғали Нүсіпжанов қонақ болды. Әнші інілері желіде ақ тілегін жазып, видео-фотоларымен бөлісті. Желі қолданушылары ақ жарма тілегін айта бастады.
Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра Сейдешпен бірге тойдың қонағы болды. Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
“Ағамыз 84 жасқа келді, аман жүре берсін”, “Әйелі жақсы қараған ғой”, “Нүсіпжанов ағаның жолын бәріне берсін”, “Қартаймай жүре берсін”, “Тойда үлкен әншілер көп екен, жастар да жүр”, “Мейрамбек ағаны бәрі жақсы көреді”, “Мейрамбек аға үлкенді де, кішіне де сыйлай алатыны келген қонақтарынан көрініп тұр”, – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 80-нен асқан шағында өзінен 45 жас кіші журналист қызды жар етті. Әншінің екінші рет отау құрғанын құп көргендер де, сынағандар да жетерлік. Жадыра Сейдеш той үстінде «Енді өмірге кішкентай Нұрғалиұлы келіп, сол сәбидің тілеуімен өмір сүрсек деймін» деп тілегін айтты.