Мысырда шіркеуде өрт болып, 41 адам қаза болды

Жексенбіде Каирдағы шіркеулердің бірі отқа оранып, 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы Мысырдың Al-Masry Al-Yaum газеті құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, жазды.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерді эвакуациялау үшін оқиға орнына 30-дан астам жедел жәрдем көлігін аттандырды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ауруханаларға жеткізілгендердің көпшілігі – шіркеу жанындағы жексенбілік мектепте оқитын балалар.

Зардап шеккендер Имбаба ауруханасы мен көршілес Агуз ауданындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Президент Абдель Фаттах ас-Сиси мемлекеттік органдарға зардаптардың салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Comments (0)
Add Comment