Таразда заңсыз соғылған «Мыңбұлақ» базарын сүру жұмыстары басталды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Тараз қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Айта кету керек, аталмыш нысан иесі 2018 жылы жер телімін заңсыз алған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге де рұқсат берілмеген.
Алайда, осы орында 32 сауда павильоны салынып, саудагерлерге сатылған. Алайда, сауда орнының иесі кәсіпкерлермен келісімшартқа тұрмаған.
2018 жылы аталған павильондарды сүру туралы Тараз қалалық сотының шешімі шыққан. Сауда орнының иесі сүру жұмыстарын жүргізуден бас тартқандықтан, 2020 жылы Тараз қалалық әкімдігіне жүктеледі.
2020 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін саудагерлерге 4 рет ескерту хабарламалары таратылады. Бірақ, әр жолы саудагерлер түрлі себептермен қарсылық білдіріп келген. 2021 жылдың шілдесінде жаңа оқу жылының алдында сауда-саттық жасап алуға рұқсат сұрап, қыркүйектің 6-нан бастап сүру жұмыстарына келісім беретіндігі туралы қолхат жазған болатын.
2021 жылдың 6-шы қыркүйегі күні сүру жұмыстары басталды. Барлық саудагерлерге «Айрылмас», «Гранд базар», «Ауыл береке», «Жібек жолы» базарларынан сауда нүктелері 2 ай мерзіммен тегін ұсынылды.
Айта кету керек, аталмыш базардағы бей-берекет саудаға қатысты халық тарапынан шағым өте көп. Өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптар сақталмаған базардың сүрілуіне қатысты аталмыш аудан тұрғындары да оң пікір білдіруде.