Мың алғыс саған, дәрігер!

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дейді дана халқымыз. Бүгінде кәсіби білімі мен адами қасиетін ұштастыра білген, мейірім мен жылулық сыйлап жүрген ақ халатты абзал жандар арамызда аз емес. Солардың қатарында облыстық онкология ауруханасының қызметкерлері де бар.

Айтып келмейтін аурудың әлегімен биылғы жылдың 10-17 қыркүйегі аралығында аталмыш ауруханада ем қабылдадым. Сол уақыт аралығында мекеме ішіндегі тәртіп, тазалық, адамға деген ықылас пен мейірім ерекше әсер қалдырды.
Дәрігерлер Жұмабай Құрышпаев пен Асхат Суанбенков өз ісінің нағыз майталмандары екенін көрсетті. Сондай-ақ сол жерде қызмет атқарып жүрген мейірбикелердің еңбегі де ерен. Оларды жауапкершілігі жоғары, қазақтың аяулы қыздары деп айтуға әбден лайық жандар.
Осы орайда аталған мекемені басқарып отырған Жандос Сейдахметов бастаған ұжымға өзімнің және жанұямның атынан шексіз алғысымды білдіремін. Рақмет сіздерге, ақ халатты абзал жандар!

Ізгі тілекпен, Боранбай ЗАУРБЕКОВ,
зейнеткер

Comments (0)
Add Comment