«Құмшағалда» спорт кешені салынуда

Елімізде бұқаралық спортты дамытуға баса мән берілуде. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда Тараз қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын дәлелі – «Құмшағал» тұрғын алқабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «Нұр Тұрсын» ЖШС жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші – Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі.
Жалпы нысанның құрылысы жеңіл металл конструкциялардан құрастырылып, рамалық-панельдік нұсқада жасалған. Екі қабаттан тұратын кешеннің 1-қабатында жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, келушілерге арналған бөлмелер орналасқан. Ал 2-қабатта медициналық бөлме, жаттықтырушылар бөлмесі және кеңсе бөлмесі бар. Жауапты мердігер құрылыс жұмыстарының биыл аяқталатынын айтып отыр.
Бұл спорт кешенін «Құмшағал» алқабының тұрғындары көптен бері сұрап келген еді. Енді міне, тұрғындардың сол өтініші орындалар күн жақын.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment