«Құмшағалда» көптен күткен жол салынады

Қазіргі таңда қала маңындағы тұрғын алқаптарда шешімін күткен мәселелер жетерлік. Әсіресе «Құмшағал» алқабында жол мәселесі аса өзекті болып тұр. Бұған дейін алқап тұрғындары осы бойынша талай мәрте атқарушы билікке жүгінген болатын. Енді міне, соның сәті биыл түсіп, «Құмшағал» тұрғын алқабындағы Назқоңыр көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүруде.

Сондай-ақ тұрғындардың сұрауы бойынша Ақсарай көшесі мен (мектеп маңынан) Сұлтан Бейбарыс көшесі аралығындағы 320 метр жолға да асфальт төселеді. Бұл жолмен күнделікті балалар мектепке қатынайды. Балалардың қауіпсіздігі қашанда басты назарда болғандықтан ең әуелі оқу ордаларына баратын жолдарға басымдық берілуде. Бұл қала әкімі Бақытжан Орынбековтің де жіті бақылауында.
«B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып жатқан құрылыс алаңында қазір жол негіздемесі төселуде. Техникалық қадағалаушы «СК-Ризалит» ЖШС.
Қазір құрылыс басында 5 техника, оннан аса жұмысшы еңбек етуде. Алдағы күндері жол негіздемесі дайындалып бітсе, асфальт жабыны төселеді.

Дедек ТӨЛЕН

Comments (0)
Add Comment