Желіде екі аяғынан айырылса да көлік жүргізетін азамат туралы видео тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жайлы видеоны Facebook-те Нұрлан Нұрышов деген желіні жиі қолданушы жариялады. Бейнежазбада Нұржан есімді жігіт ағасының екі аяғынан айырылып, таксист болып жүргені айтылған.
«Жастарға айтарым, денсаулығы барлар денсаулығын қадірлесін. Жұмыс істеп, аман-есен бала-шағасын өсіре берсін. Аяғы бар ішіп жүрген жігіттерден арақ ішпеулерін өтінемін.
Жұмыс жоқ дегенге сенбеймін. Әйтеуір дені сау адам әр нәрсені істесе нәпақасын табады, бала-шағасын асырайды. Ең бастысы, адамда істеймін деген ниет болу керек», – деді ол.
Одан кейін ол күн сайын бір ай бойы 9 мың теңгеге укол салып,с оны өзі төлеп шыққанын, жұмыс істеген адамға Алла несібесін беретінін айтты.
«Таңертең уколдың ақшасын табамын деп жолға шығамын. Құдайдың бергенін табамын. Уколды бір ай салып жүрдім. Таңертең біссіміллә деп көлікке отырамын. Кешке шейін Алла несібемді береді. Сіздерге Алла риза болсын!», – деді аяқтарынан айырылса да ешкімге күнін қаратпай, отбасын асырап жүрген жігіт ағасы.