Мониторингтік топтардың тексерісі күшейді

Облыста карантиндік шектеу шаралары күшейтілгеннен бері мобильдік топ тарапынан 636 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 126,9 миллион теңге сомасында айыппұл салынды. Оның ішінде 448 әкімшілік құқық бұзушылық өткен жылға тиесілі.

Ал биыл өңір қайта «қызыл» аймаққа кіргелі 17 бизнес объектісінде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, карантиндік режим талаптары сақталмағандықтан, 6 нысанға акт толтырылған.
Тараз қаласы бойынша жалпы жеке кәсіпкерлер «Ashyq» бағдарламасына жаппай қосылуда. Бүгінде аталған қосымшаның QR-кодын алған 1800 нысан жұмыс істеуде.
Айта кетейік, күні кеше жүргізілген тексеріс нәтижесінде тамақтану орындарында ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 43 адам үй карантиніне оқшауланды. Қазіргі таңда облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, бұқаралық іс-шараларды ашық ауада да, үй ішінде де өткізуге, концерт залының, филармонияның, театрдың қызметіне, діни бірлестіктер объектілерінде ұжымдық жиындарды ұйымдастыруға және түнгі клубтар жұмысына тыйым салынды. Бұл орайда қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар өз жұмыстарын жандандырып, заңға бағынбай, карантиндік талаптарды бұзған нысанға және тұлғаға айыппұл салуда.

Арайлым ШАБДЕНОВА

Comments (0)
Add Comment