Өмірді сақтандыру – болашақ алдындағы жауапкершілік пен сенімділіктің нышаны. Қазіргі заманда адам өмірінде күтпеген жағдайлар жиі кездеседі. Мұндайда өзіңді ғана емес, отбасыңның да ертеңін ойлап, қаржылық қорғаныс жасау – маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан өмірді сақтандыру жүйесі әлемнің дамыған елдерінде ғана емес, біздің елімізде де кеңінен қолданыла бастады.
Бұл – тек тәуекелден қорғанудың емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді қаржы жинаудың тиімді тетігі. Өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын бағдарламалар адамның әр кезеңдегі қажеттілігіне сай бейімделіп, түрлі бағытта дамып келеді. Соның ішінде қазақстандықтар арасында сұранысқа ие Bilim-Life, Зейнетақы аннуитеті, Халык-Казына, Болашақ және Бәйтерек бағдарламалары өмірдің әр саласына арналған сенімді шешімдер ретінде танылды.
Мәселен, Bilim-Life – баланың болашағына жасалған инвестиция. Бұл бағдарлама арқылы ата-аналар өз баласының жоғары білім алуына қаржы жинап, сонымен қатар өмірді сақтандыру арқылы қауіпсіздік кепілдігін алады. Егер күтпеген жағдай орын алса, сақтандыру компаниясы баланың оқу ақысын толық қамтамасыз етеді. Осылайша, ата-ананың ең басты арманы – баласының жақсы білім алуына мүмкіндік жасау – сенімді қорғауға алынады.
Ал Зейнетақы аннуитеті бағдарламасы – еңбек еткен жылдардың жемісін тыныш, қамсыз зейнет өмірде көруге арналған мүмкіндік. Бұл жүйе азаматқа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін сақтандыру компаниясына аударып, өмір бойы ай сайын төлем алып отыруға жол ашады. Ең басты артықшылығы – бұл төлемдер зейнетақы қорындағы қаражат бітіп қалса да тоқтамайды, өмір бойы жалғасады. Сондай-ақ аннуитет арқылы әйелдер 51 жастан, ерлер 55 жастан бастап тұрақты табысқа қол жеткізе алады. Мұндай жүйе азаматтарға өз болашағын алдын ала жоспарлап, зейнетке ерте және сенімді шығуға мүмкіндік береді.
Өмірдің түрлі жағдайларында отбасылық тұрақтылық пен қорғаныс маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда Халык-Казына бағдарламасы жанұя мүшелерінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама адамның өмірін, денсаулығын және еңбекке жарамсыздық жағдайларын сақтандырып қана қоймай, ұзақ мерзімді жинақтауға да мүмкіндік береді. Бұл – әр отбасы үшін сенімді қаржы құралы әрі болашақтағы тұрақтылықтың кепілі.
Өмірдің әр кезеңінде адамға сенімді қаржылық тірек қажет. Осы орайда Болашақ бағдарламасы табыс пен жинақтың үйлесімділігін ұсынады. Бағдарлама арқылы адам өмірін сақтандырып қана қоймай, әр төлемнен табыс таба алады. Уақыт өте келе жиналған қаражатқа жыл сайын пайыздық өсім қосылып, иесінің қаржылық жағдайын нығайта түседі. Бұл – ұзақ мерзімді инвестиция жасап, өз болашағын жоспарлай білетін азаматтарға арналған тиімді мүмкіндік.
Сол сияқты Бәйтерек бағдарламасы да өмірді кешенді сақтандырудың ұлттық деңгейдегі сенімді брендіне айналып келеді. Бағдарлама азаматтың өмірін, денсаулығын және жазатайым жағдайлардан қорғай отырып, инвестициялық табыс алуға мүмкіндік береді. «Бәйтерек» атауының өзі тұрақтылық пен берекенің нышаны болса, аталмыш бағдарлама да сол ұғымды нақты қаржылық шешімдер арқылы іске асырады.
Жалпы алғанда, өмірді сақтандыру – тек бүгінгі күнге емес, болашаққа жасалған инвестиция. Бұл – отбасыңыздың қауіпсіздігі, балаларыңыздың білімі, өзіңіздің зейнет жасыңыздағы тыныштығы мен тұрақтылығы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өмірді сақтандыру мәдениеті бар елдерде халықтың әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығы әлдеқайда жоғары. Сол себепті әр азамат өз өмірінің жауапкершілігін сезініп, осындай бағдарламаларға ертерек қатысқан сайын ертеңіне сенімі арта түседі.
Өмірді сақтандыру – тек қаржылық келісім емес, бұл – жақындарыңызға деген қамқорлықтың, болашақ алдындағы жауапкершіліктің айғағы. Ал Bilim-Life, Зейнетақы аннуитеті, Халык-Казына, Болашақ және Бәйтерек сияқты бағдарламалар сол қамқорлықты жүзеге асыратын сенімді серігіңіз бола алады.
Жұматай КӨКСУБАЙ