Минск-Алматы ұшағына бомба қойылғаны хабарланды

Алматы халықаралық әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшаққа жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат түсті деп хабарлады turkystan.kz. әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «жарылғыш зат» туралы ақпарат расталмады.

«Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Ұшақта 171 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болды. Әуе көлігі Алматыға түнде келіп қонды. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Comments (0)
Add Comment