Министр сапаға мән бермейтін, диплом басып шығаратын фабрикаға айналған университеттер туралы айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Жедел желі» бағдарламасында еліміздегі сапаға мән бермейтін университеттер жайлы сөз қозғады деп хабарлады turkystan.kz.

«Білесіздер, бірнеше жыл бұрын жоғары білім саласындағы сапамен күресті бастадық. КӨкінішке қарай, әсіресе оңтүстіктегі, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматыдағы кейбір университеттер дипломдарды таратып, фабрика ретінде, конвейер ретінде қойып қойған. Білім сапасына, министрліктің шарттарына, талаптарына қарамай»,  – деді министр.

Айтуынша, мұндай заңсыздық көбіне жекеменшік университеттерде кездеседі.

«Сырдария университеті, өкінішке қарай әлсіз немесе министрліктің талаптарына сәйкес келмейтін университеттердің тізіміне түскен. Арнайы бақылау жұмысы атқарылды. Оның бір шарты – университетті жабу», – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Comments (0)
Add Comment