Министр Қазақстан 10 жылда қанша ғалымынан айырылып қалғанын айтты

Бүгін елордада өтіп жатқан конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жылда елден кеткен ғалымдарға қатысты айтты.

 

Бұл туралы Саясат Нұрбек Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналған конференцияда айтты.

«Біз ғалымдарымыздың біразынан, яғни ғылыммен айналысатын жастағы адамдардың негізгі бөлігін жоғалттық. Олар кеңестік кезеңде ғылыми ұйымдар дайындаған ғалымдардың үшінші толқыны еді. Одақ ыдырағаннан кейін ғалымдар тұрақтамады. Қарапайым статистикаға сүйенсек, 1990 жылы бізде ғылыми-зерттеу институттарының 52 000 қызметкері мен ғылыммен айналысқан профессорлық-оқытушылық құрамы ресми түрде тіркелген. 2000 жылы немесе 10 жылдан кейін 12 мыңы қалды. Нақты айтқанда 30 мыңнан астам адамды жоғалттық», – деді ол.

Осы орайда министр қазір шетелге кеткен ғалымдар ғылыми жобалармен табысты түрде айналысып жатқанын айтты.

«Қазір Қазақстан жоғалған кадрлық әлеуетті қалпына келтіруге кірісті. «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Университеті бар, сондай-ақ ғалымдардың жаңа буыны өсіп келе жатыр. Біз жалақыны да, әлеуметтік пакетті де айтарлықтай көбейтіп жатырмыз. Жаңа заңда ғалымдарға қолдау көрсету бағытында әлеуметтік қамтамасыз ету мен тиісті пакет бойынша жеке блок қамтылған», – деді ведомсво басшысы.

Comments (0)
Add Comment