Оқушылардың мектеп формасына қатысты журналистер сұрағына жауап берген Оқу-ағарту министрі өз баласына киім-кешекті неше теңгеге алғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Демалыста баламды ертіп, дүкенге бардым. Адам көп екен, дүкенде жұртпен бірге кезекке тұрып, бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм және галстук алдық. Барлығына 35 мың теңгеге жуық ақша кетті,
Ол сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал отбасындағы балалардың мектеп формасы туралы да айтты.
Бұған дейін балаларға мектеп формасын әкімдік сатып алып беретін. Сөйтіп, кейде балаларға жеңі ұзын, иығы үлкен, балағы қысқа киімдер таратылып, шу шығатын. Енді форманың ақшасын ата-аналардың шотына жібереміз. Олар бәрін ыңғайлап сатып алады,
Ол берілетін ақша көлемі ең кемі 37 мың теңге болады деп отыр.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақхана жетіспеушілігін шешудің тетіктерін ұсынғанын жазғанбыз.