Мешіттегі еркектің сұмдығын ашқан бойжеткенге белгісіз біреулер түнде келіп, қысым көрсеткен

Ақтөбеде мешітте бейтаныс еркек «уақытша неке» ұсынды деген қыз қысымға ұшырағанын мәлімдеді.

Бойжеткен оқиға туралы әлеуметтік желіде жазбасын жариялағаннан кейін белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоқы көре бастағанын айтты.

«Кешелі бері тыныш жүре алмай қалдым. Белгісіз нөмірлер хабарласып жатыр. Түнгі сағат 3-те үйдің терезесінің алдына біреулер келіп, сыртқа шық деп айқайлады. Шынымды айтсам, қорқып отырмын», – деп жазды бойжеткен парақшасында.

Ол бұл жағдайға байланысты тиісті органдарға жүгінетінін айтқан.

madeniportal.kz

Comments (0)
Add Comment