Меркіліктердің әсем де әуенді кеші

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Ел егемендігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы аудан күндері жалғасуда. Бұл жолы «Туған жерім – дархан далам» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күні өтті.

Шараға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, алдымен «Баласағұн» орталық концерт залының алдында ұйымдастырылған аудан еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралап көрді. Онда тараздықтарға ет, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан бағада сатылды.
Бұдан соң қонақтар назарына ұсынылған меркілік өнерпаздардың концерттік бағдарламасы көптің көңілінен шықты.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесіне арналып әзірленген, тарихтан сыр шерткен «Тәуелсіздік таңы» атты театрландырылған көрініс көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Ақын, жыршы Бейбіт Шошабаевтың арнауы, «Меркі әуендері» ән-би ансамблі әншілерінің шырқауындағы патриоттық сарындағы әндер, ақын Шырын Мамасерікованың отты жыр шумақтары жиналғандардың жүректерін тебірентіп, шараның маңыздылығын арттыра түсті.
Концерт соңында аудан өнерпаздарына облыс әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.

Дедек Төлен 

Comments (0)
Add Comment