Мерекедегі мерейлі сәт

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып, қажырлы еңбегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізген азаматтарды марапаттады.

Бәтес Шапағат

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталғандар қатарында «АСАР» Жамбыл облысының мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Руслан Төлегенов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Тараз қалалық филиалы, Ардагерлер кеңесінің мүшелері Малтабар Жаманбаев пен Әбдімәжит Жүнісбеков, «Бастау-Тараз» медицина орталығының бас дәрігері Шолпан Иманбекова, «Jambyl-Taraz» газетінің редакциясы» ЖШС директор-бас редакторының орынбасары Бақытжан Ойшиев, аталған ұжымның аға дизайнері Әдемі Өмірбекова, «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Дәулетхан Тохметов бар.

Сонымен қатар ел егемендігінің айғағы іспеттес ерекше мереке қарсаңында шаһардың өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүргендер облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Бұдан өзге, бірқатар азаматқа Тараз қаласының әкімі атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табысталды.

Comments (0)
Add Comment