Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1,2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды. 5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93%-ы онлайн тәсілмен қолжетімді екенін еске салады. Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады.

«Сондай-ақ азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті құжаттар пакетін алдын ала білуге кеңес береміз» деп ескертеді корпорациядан.

Comments (0)
Add Comment