«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары дауыс берді

Тараздағы №1 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары, дәрігерлер отбасы — Умаровтар әулеті дауыс берді.

Берекесі мен бірлігі жарасқан бұл отбасы өңірге үлгі болып жүрген шаңырақтардың бірі.

Денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосып жүрген Умаровтар отбасы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Отбасы мүшелері мұндай маңызды шешім қабылданатын сәтте әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

Олардың айтуынша, ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – әр қазақстандықтың парызы.

Comments (0)
Add Comment