Отбасы күнінің қарсаңында «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық байқауға Жамбыл облысының атынан Умаровтар отбасы қатысқан болатын. Республикамен онлайн байланыста өткен шарада облыс әкімінің орынбасары Д.Кәрібек Умаровтар отбасына Мемлекет Басшысының Алғыс хаты мен дипломын және байқаудың арнайы мүсіншесін табыстады.
3 ұрпағы дәрігерлік қызметтегі әулетінің жалпы дәрігерлік еңбек өтілі 110 жылдан асады. Отағасы М.Умаров 44 жыл аймақтың медицина саласында еңбек етсе, отанасы М.Азизова 40 жыл жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан. Өзі өмірден өтсе де, отағасы М.Умаровтың дәрігерлік жолын бүгінде ұл-қыздары мен немерелері жалғастырып келеді.