Техникалық шығармашылық орталығының «Шабыт» бөлімінде Республика күніне орай «Менің елім – Қазақстан» атты тәрбиеленушілердің шығармашылық көрмесі өтті.
Балаларды туған жерін, елін сүюге баулып, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятуды мақсат тұтқан көрмеген білім алушылардың үздік туындылары қойылып, көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ орталықтың қосымша білім беру педагогтері А.Мусралиева, О.Кальницкая, У.Распутина, О.Ушикина «Аква-гримм», «Нетканный гобелен», «Тұзды қамырдан жасалған қолөнер» сынды жұмыстарымен таныстырып, шеберліктерімен бөлісті.
Шара соңында балғындар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Тараз қалалық білім бөлімі