Луинаның күйеуі Артем Обухов бұрынғы некесі жайлы айтты. Ол «Луина біреудің отбасын бұзды» деген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Instagram оқырмандарының бірі Артемнен:
«Луина сізді отбасыңыздан алып кетті ме?» – деп сұрады. Оған Обухов:
«Біріншіден, мені алып кететіндей, мен қошқар емеспін. Екіншіден, моралдық ұстанымдарым басқа. Мәселен, мен – отбасымды ешқашан тастамайтын адаммын. Тек екі жақты келісіммен бөлек кетсек, ол басқа әңгіме», – деп түсіндірді Артем.
Артемнің алғашқы некесінен бір ұлы өсіп келеді. Луина екеуінің де ортақ бір ұлы бар. Луина болашақта көп балалы болғысы келетінін айтқан еді.