50 Cent деген лақап атпен танымал рэпер Кёртис Джеймс Дже́ксон қарапайым Америка азаматы түсірген видеоны жариялады деп жазды turkystan.kz.
Видеода ересек жігіт АҚШ Президентіне ішер асы жоғын айтып мұң шаққан.
«Мен бүгін ештеңе жеген жоқпын, Джо. Неге екенін білесіз бе? Бензинге байланысты! Менің көлігім бар деп елестетіңізші, Джо. Бірақ маған қара. Менің аяғым жерде! Мен көшеде жаяу жүрмін. Өйткені бензин бағасы өте қымбат. Неге бізге бұлай істеп жатырсың, Джо?» – деп ашуланды ер адам.
Айта кетсек, Батыстың Ресейге қарсы санкцияларынан кейін АҚШ пен Еуропада жанармай бағасы шарықтап кетті.