Мен қазақ баласымын

Мен қазақ баласымын, арым да бар,
Кеудемде лапылдаған жалын да бар.
Қиын-қыстау сәттерде ел қорғаған,
Қазақтың батырлығы қанымда бар.
Елімде неше түрлі бар асылым,
Қорғайтын сақтағандай қарашығын.
Тарихын ешқашан да ұмытпаған,
Қазақтың ар-намысты баласымын.
Мен қазақпын жауға қылыш сермеген,
Мен қазақпын ерлік жасап ерлеген.
Мен қазақпын ешқашан да намысын,
Басқаларға өз қолынан бермеген.
 Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанған,
Мен қазақпын «Алаш» деген атты алған.
Мен қазақпын көңілі досқа адал боп,
Мен қазақпын дұшпанынан сақтанған.
Жер әлемге танылған қазақтығым,
Өткерген бұл дүниенің азап-мұңын.
Көк байрағым желбіреп көк жүзінде,
Мәңгілікке жалғассын азаттығым!

 

Әлібек СЕЙДӘЗІМ,
С.Нұрмағанбетов атындағы
№10 орта мектептің оқушысы
Тараз қаласы

Comments (0)
Add Comment