Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі

Тұңғыш Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаң-ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді.

Қазіргі таңда елімізде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ішінен әлеуметтік маңызды қызметтерді барынша электронды түрде алуға барлық жағдайлар бар.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-тер туралы» Заңына сәйкес, элек-трондық нысанда мемлекеттік қыз- меттер көрсету «Электрондық үкімет-тің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.
Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» веб-порталына «пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.
«Пайдаланушы кабинеті» – бұл халықтың қызмет алу үшін өтініштерін электронды нысанда оны қарайтын субъектілерге жүгінуі, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара ресми ақпараттық іс-қимыл жасауға арналған құралы. Бұл өз кезегінде, қазіргі заманның технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа өзіне берілген мүмкіндіктер аясын кеңейтуіне жол ашады.
«Электрондық цифрлық қолтаңба» дегеніміз – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Халыққа қызмет көрсету орталығынан куәландырыла отырып, ЭЦҚ-ны файлдық тасымалдағышта алған жағдайда, дербес компьютерге сақтауға болады. Сол арқылы «Электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, жеке кабинетте мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алады.
Сонымен қатар ЭЦҚ-ны телефонда сақтай отырып, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алуға болады.
Егер ХҚКО-ға баруды қажет ететін мемлекеттік қызметтерді алатын жағдайда, аталған мобиль-дік қосымша арқылы кезекке тұрып, кейін ХҚКО келіп, операторға кезек нөмірін көрсетуге болады. Бұл – кезек күтпей, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы.
Өз кезегінде, Тараз қаласы әкімдігі тарапынан электрондық қызметтерді алу жолдары мен мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында халықтың көп шоғырланатын жерлерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылып, әкімдіктің «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде, үлкен LED-экрандарда бейнероликтер көрсетілуде.
Соңғы уақытта Тараз қаласы тұрғындарының электрондық түрде қызмет алуы күннен-күнге ұлғаюда. Бұдан бөлек, қызығушы қала тұрғындары өздеріне қажетті толық ақпараттарды Тараз қаласы әкімінің «www.gov.kz» ресми сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер» парақшасынан ала алады.

М.Молдағалиева,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Comments (0)
Add Comment