Мемлекеттік қызметтерді алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол берілмейді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасының талаптарына сай, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде, яғни мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында қандай да бір қызмет түрін алу үшін талап етілетін  құжаттардың топтамасы айқындалған.

Дегенмен,мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында артық құжаттарды талап етуге жол берілмейтіндігіне қарамастан қызмет көрсетушілердің тарапынан бұл талаптар толықтай сақталмай отыр.

Мәселен, Департаментпен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушылардан артық құжаттарды талап етудің 9-дерегі анықталды.

Департамент тарапынан құзырлы органдарға заң бұзушылықтарға болашақта жол бермеу мақсатында тиісті ұсыныстар енгізілді.

Руслан Шарипов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Comments (0)
Add Comment