Мемлекеттік қызметшілер аллеясы ашылды

Таразда Мемлекеттік қызметшілер аллеясының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай мен ардагерлер және шаһар тұрғындары қатысты.

Ең әуелі сөз алған Лесбек Құралбайұлы жиналған қауымға ақжарма тілегін жеткізіп, мемлекеттік қызмет саласында қолға алынған ілкімді істерді тілге тиек етті.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында мемлекеттік қызметшілерге барлық жағдай жасалуда. Айталық, 2021-2023 жылдары мемлекеттік қызметшілердің республикалық кадрлық резервіне 100 жас іріктеліп алынды. Енді биылдан бастап өңірлік кадрлық резерв жасақталмақ. Бұл – жастар-дың мемлекеттік қызметке келіп, тәжірибе жинауына берілген зор мүмкіндік, – деді аппарат басшысы өз сөзінде.
Келесі кезекте Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, жылы лебізін жолдады.

Аман Есен

Comments (0)
Add Comment