Мемлекеттік қызмет алушылардың қатары артуда

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде қағаз түрінде 5, электронды түрде 44, мемлекеттік корпорация арқылы 11 қызмет көрсетілді.

2023 жылдың ІІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО32 980 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 897 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы. 2023 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 231түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп, бұған 630 000 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанда әкімдіктің
1 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2023 жылдың 3-18 шілдесі аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесі

Comments (0)
Add Comment