Кез келген мемлекеттің рәміздері елдің егемендігін, тұғырлы тәуелсіздігін, жекелеген жетістіктерін, халқының бірлігін білдіреді. Рәміздер – ұлттың ұлылығын, жұрттың жауынгерлігін, қарапайым халықтың қайраты мен биліктің биігін білдіретін рух пен жанның символы.
Осыған орай шаһар төріндегі Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы иделогиялық жұмыстар мен жастар саясаты мәселелері бөлімінің бас маманы Шынар Қашқынбек және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Бағылан Абилдаеваның қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Жиынға қаладағы басқармалар мен департаменттер, инспекциялар, құқық қорғау органдары, жоғары және арнаулы оқу орындары, қалалық бөлімдер мен мекемелердің, қалалық кітапханалардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ