Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz».

Мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пейілде талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.

Comments (0)
Add Comment