Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты деп хабарлады turkystan.kz.
Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.
Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.