Президент ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың оң тәжірибесін еліміздің басқа да өңірлерінде таратудың маңызды екенін атап өтті.
– Жалпы, ауыл шаруашылығына айрықша мән беріп отырмыз. Президент болып сайлағаннан кейін, ең алдымен, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдасын әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Алдағы үш жылда кооперацияларды дамытуға 1 триллион теңге бөлеміз. Осы қомақты қаржыны тиімді пайдалану керек. Мемлекет ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне әрқашан қолдау білдіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.