Мемлекет басшысы Ермек Оспановты қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Comments (0)
Add Comment